"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.
Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 секундына метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.