BANNER

Қазақстанда пәтерін жалға беретіндер салық төлеуге міндетті

Фото: yandex.kz

Пәтерін жалға беретіндер табысынан салық төлеп, декларация тапсыруға міндетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жалдамалы пәтердің иесі үйін өткізгені үшін салық төлеуі керек. Мәселен, азамат баспанасын 200 мың теңгеге жалға берсе, оның жылдық табысы 2 400 000 мың деп есептеледі. Осылайша, дәл осы соманың 10%-ы салық ретінде мемлекетке төленуі тиіс.

“Тұрғын үйді жалға беруде кәсіп, ал бәрі заң аясында болуы үшін табыс тапқан азаматтар салық төлеуі керек. Алайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл – қызмет түрін заңдастырудың бір жолы. Одан бөлек, азаматтар жыл сайын жалға беруден түскен кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға және 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті болады”, – делінген мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.