Бүгін таңғы сағат 04.29-да Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен.
Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранған.
Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы балалар болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал әкесі түрмеде отыр.
Өкінішке қарай үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды.
Балалардың 13 жастағы үлкені ғана аман, ол зардап шекпеген.