Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылындағы балабақшада балалар жаппай уланып қалды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 31 қаңтарда болған.
"Сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының "Қызылсай" ауылынан жедел жәрдем қызметіне іштің ауыраытынын айтып шағымданған тұрғындардан шақырту түскен. Қаралған 37 адамның 4-еуі ауруханаға жатқызылды, оның біреуі – ересек адам, үшеуі – бала", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Қалғандары үйге амбулаториялық емделуге жіберілген. Қазір балабақша жабық, уәкілетті органдар тексеру жүргізуде.