BANNER

Осы айдан бастап елімізге жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салынбақ

Фото: google

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімі биыл 20 қазанда күшіне енеді,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Осы күннен бастап жеке тұлғалар елімізге жеке қажеттілігі үшін мына көлік түрлерін ғана әкеле алады:

Жеңіл көлік (медициналық мақсатқа арналған көліктен басқа) және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8703-тауар позициясына жататын басқа моторлы көліктер.

Квадроцикл, қарда жүретін көлік, батпақта жүретін көліктер, жол талғамайтын мотокөлік және жалпы жолға арналмаған басқа да моторлы көлік құралдары.

12-ден артық (жүргізушіні қосқанда) адам тасымалдауға арналмаған моторлы көлік, жүк тасымалдауға (жоғары радиоактивті материалдарды таситын көліктерден басқа) арналған толық салмағы 5 тоннадан аспайтын моторлы көлік.

20 қазаннан бастап жеке тұлғаларға жүк көліктері мен автобустарды кедендік рәсімдеуге, электрондық паспорт алуға, утиль алымын төлеуге және тіркеуге рұқсат жоқ.

Енді мұндай көліктерді тек компаниялар ғана әкеле алады.