BANNER

Приозерск қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Автор суреті

Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Приозерск қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық пен ашықтық қағидаттарын насихаттау.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары түсіндіріліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды. Қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын нығайтуға және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.