BANNER

Тіс щеткасы түрмеде пайда болған

Ашық дереккөз

Ертеректе адамдар тіс щеткасы пайда болғанға дейін тістерін әртүрлі әдіспен тазалаған. Біздің эрамызға дейінгі 3500 жылдары вивилондықтар мен египеттіктер ағаштың бұтағын жұмсарғанша шайнап, сонымен тазалады. Енді біреулер құстың қауырсынын, жануарлардың сүйегін, тіпті дикобраздардың инесін де қолданған. 1400 жылдары Қытайда қазіргі тіс щеткасына ұқсас түрі пайда болды. Оны бамбуктан және доңыз қылшығынан жасаған. Ал Еуропада жұмсақ болу үшін жылқының қылшығын пайдаланды. Алайда замануи тіс щеткаларына ұқсас етіп жасаған адам – Уильям Аддис.

Уильям Аддис 1734 жылы Англияда дүниеге келген. 46 жасында табысты кәсіпкер, кітап шығарушы, шүберек сатушы әрі кітап саудасымен айналысатындарға дайын қағаз тасушы болды. Ол жарамсыз қағаздарды тастамай, жинап, жаңа қағаздар жасап шығарып отырды. Бұл еңбегімен ол жақсы табыс тапты әрі танымал болды.

Уильямның тұтынушылары Лондонның XVIII ғ кітап сатушылары болды. Сонымен қатар ол фармацевттерге шығын материалдары мен дәрі – дәрмекке патент сатты. Қазір біртүрлі көрінгенмен, ол шаштаразшылар хирург бола алатын, аптекада отырыстар ұйымдастыратын заман еді.

1780 жылы бүлікке қатысты деген айып тағылып, түрмеге отырады. Ньюгейт түрмесінде ол тісін дәстүрлі әдіс - тұз, күйе жағылған шүберекпен тазалады. Алайда, ол тісті толық тазаламайтын. Егер шүберек тістердің арасынан өтсе, жақсырақ тазаланатын еді. Оған түрме ішін сыпырып жүрген кісіге қарап отырып идея келеді. Жұмыскер сыпырғышымен қол жетпейтін жерлердегі қоқыстарды сыпырып жатты. Сонда Уильям тістердің арасында қалып қоятын тамақ қалдықтарын жақсы тазалайтын ұқсас зат жасағысы келеді. Ол тамаққа берілген сүйекті жақсылап мүжіп, бірнеше жерден тесті. Доңыз қылшығын сұратып, тесікке желіммен бекітті. Солай тіс щеткасы пайда болды.

Ол кезде тіс щеткасы нағыз керек уақыт еді. Ортағасырда белгісіз болған рафинадты қант кеңінен таралған кез. Лондон тұрғындарында тістерінің шіруі жиі кездесті. Ал тіс емдейтін жалғыз әдіс – шаштаразшылар ауыртып, тісті жұлып береді. Тіс ауруының алдын алу үшін тіс щеткасы керек – ақ.

Уильям түрмеден шыға сала, өз ісін қолға алды. Сүйек пен жануар қылшығынан бірнеше тіс щеткасын жасап, кітап сатушы саудагерлерге берді. Олар тек кітап қана емес, әр нәрсені сататын. Алғашқы тіс щеткалары тез сатылып кетті. Лондонда тіс щеткасын ұстау сәнге айналды.

Ол бірнеше әйелдерді жалдап, тіс щеткасын шығаруды жалғастыра берді. Адамдарды сүйек пен жануар қылшығынан тіс тазалап жүргендері