BANNER

Жаңаөзенде мешіт өртеніп, 11 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті

Фото: yandex.kz

 

Жаңаөзенде мешіт өртеніп, жеткіншек ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 6 наурыз кешке болған. Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша мешіттің кілемі өртенген.

"Шаңырақ ықшам ауданында кешке қалалық мешітте өрт болды. 40 шаршы метр аумақ жанған. Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Ал өрттен зардап шеккен 11 жастағы жасөспірімнің жағдай ауыр дейді дәрігерлер.

"Бала термиялық күйік алған, бет-аузы, мойны, жоғарғы тыныс алу жолдары, жалпы денесінің біраз бөлігі күйіп қалған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қажетті ем-шаралар жасалып жатыр", - дейді Жаңаөзен қалалық ауруханасының мамандары.