Жезқазғанда бес жасар бала өтіп бара жатқан адамдарды көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі etozhez парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға «Гранд Палас» мейрамханасының жанында орын алған, төрт адам зардап шекті.
Белгілі болғандай, бес жасар бала көлікті қол тежегішнен алып тастаған. Нәтижесінде көлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кеткен.
«Аталған факті полицияда тіркелді. ЖКО салдарынан көз жұмғандар жоқ. Осыған қарамастан, түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендердің саны бесеу екенін атап өтті.
«5 адам зардап шекті. Бәрі тірі. Ішкі ағзалардың түрлі жарақаттары бар үш әйел адам амбулаториялық-емханалық емдеуде, ал төрт қабырғасы сынған ер адам травматология бөліміне жатқызылды», – деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында бала бар, ол бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасында бұл көлікте болған бала ма, жоқ па, оны айтпады.