Украинаның оңтүстігіндегі Мариуполь қаласында аухал мәз емес.
Ресей әскерінің атқылауынан шаһардың көптеген тұрғын үй қирап, инфрақұрылым бүлінген. Тұрғындарға азық-түлік пен ауыз су, дәрі-дәрмек жетіспей жатыр.
Украина президенті Владимимр Зеленский ресейлік әскерилер қоршауға алынған қалаға гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік бермей отыр дейді.
Ал Ресей қорғаныс басқармасы ұлттық орталығы керісінше украиналық жасақтар адамдардың шаһарды тастап шығуына кедергі келтіріп жатыр дегенді айтады.
Зеленскийдің айтуынша, гуманитарлық керуен шаһардан 2 сағаттай жерде тұр. Қазір басты міндет Мариуполь қаласы болып тұр. Осы күнге дейін гуманитарлық дәліздер арқылы 125 мың адамды эвакуацияланған.