BANNER

Қарағанды облысы бойынша 900 тоннадан астам қоқыс жиналды

Ашық дереккөз

«BIRGE – TAZA QAZAQSTAN» Республикалық акциясы нәтижесінде 33111 шақты адам қатысып, 982 тонна қоқыс жиналды. Тазарту шарасына 200 бірлік техника жұмылдырылып,  жойылған қоқыс үйінділерінің саны – 189-ға жетті, деп хабарлайды Saryarqanews.kz облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.

Акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақтары мен аллеяларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Эко-еріктілер, экобелсенділер, қоғам белсенділері де қатысты. 

Өткізілген акция нәтижесінде:

Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы Өтебаева Шолпан Амангелдіқызы Балқаш қаласы әкімінің аппаратымен бірлесіп, 30.06.2022 ж. бастап 02.07.2022 ж. дейін Шұбартөбе кентінде Балқаш көлінің жағасын тазалау бойынша сенбіліктер өткізді. 20 текше қоқыс шығарылды.

Медициналық колледж ауданындағы жағажайда қоғам қайраткері А.Адамбековамен және бей-жай емес тұрғындармен, сондай-ақ демалушылармен бірге жиналған қоқыстың көлемі 10 текше метрді құрады.

Балқаш көлінің жағасында Рембазы ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, жиналған жер телімінің алаңы 2 га құрады.

Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор Тынымбаев Шабдан Әлшерұлы Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау районы әкімдігі аппараттарымен өткізілген акция нәтижесінде :

- Қарағанды-Жезқазған автотрассасының бойында,

- Кеңгір су қоймасының жағалауы,

- қалалар, кенттер көшелері,

- жалпы саны 2685 адам қатысқан саябақтар мен гүлзарлар аумағында санитарлық тазалау жүргізілді:

Қала әкімдігінің, "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС және коммуналдық қызмет жұмыскерлері бекітілген аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікке 39 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қала сыртына барлығы 520 м3 қоқыс шығарылды. Рұқсат етілмеген полигондардың 35 орны тазартылды.

Теміртау қ.бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор Қорабаев Диас Бауыржанұлы Теміртау қ. әкімдігімен акцияны "119 квартал және Горки Дружбы" орнында өткізіп, Шаңырақ орталығының еріктілері мен Жасыл ел сарбаздарыбелсенділік танытты. 3 арнайы бірлік жұмылдырылып, 60 текше метр қоқыс жиналды.

  Құрметті облыс тұрғындары, осы бастаманы қолдауларыңызды және біздің облыста тәртіп пен тазалықты орнатуға ат салысуға шақырамыз!    Естеріңізге сала кетейік, Акция жекелеген аумақтарды тазалауға ғана емес, халық арасында қоқысты сұрыптау мәдениетін насихаттауға бағытталған