Пришахтинскідегі № 2 перинаталдық орталықта ағымдағы жөндеу аяқталды. Босандыру бөлімшесі, операциялық бөлімшелер, сондай-ақ ересектерге арналған реанимация және қарқынды терапия блогы жаңартылды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Перинаталды орталықтағы жөндеу жұмыстары шамамен бір айға созылды. Жұмыс аяқталғаннан кейін перзентханада заманауи трансформер-кереуеттер орнатылды. Қажет болған жағдайда олар арнайы босандыру креслосына айналады.
– Босану бөлімшесіндегі барлық өзгерістер босанатын әйелдер мен олардың сәбилерінің жайлылығы үшін ыңғайландырып, жүргізілді. Барлық палаталарда нәресте мен жүкті әйелдің жағдайын бақылауға арналған заманауи жабдықтар бар, – дейді № 2 Перинаталдық орталықтың басшысы Жарқын Нұркеева. – Босануға арналған ыңғайлы функционалдық кереуеттермен жабдықталған. Барлық палаталардағы терезелер шағылысатын пленкамен желімделген. Бұл ыңғайлы температураны сақтауға мүмкіндік береді. Жақын арада барлық палаталарға орталықтандырылған түрде оттегі беру жүйесі жүргізіледі.
Сондай-ақ, әрбір палатада ауаны зарарсыздандыруға және тазартуға арналған аппараттар орнатылған, санитариялық торап жабдықталған.
№ 2 Перинаталдық орталық үшінші деңгейдегі орталық болып табылады және экстрагениталдық патологиясы бар әйелдерді де қабылдайды. Перзентхана дәрігерлері салмағы аз балаларды емдейді. Мамандар үнемі өз біліктіліктерін арттырып отырады, оқытудан өтеді және жұмысқа жаңа технологияларды енгізеді.
– Біздің орталық Қарағандыдан және облыстың шалғай аудандарынан, сондай-ақ еліміздің басқа қалаларынан әйелдерді қабылдайды. Біз оларға медициналық сақтандыру жүйесі аясында да, ақылы негізде де босануға көмектесуге дайынбыз, – деп толықтырды Жарқын Нұркеева.
Анықтамаларды облыстық клиникалық аурухананың call-орталығының нөмірлері бойынша (8-7212) 94-04-77 және 8-778-003-71-47, пациенттерді қолдау қызметінен: (8-7212) 41-40-45 нөмірлері бойынша 08:00-ден 17:00-ге дейін (13:00-ден 14:00-ге дейін түскі ас) немесе WhatsApp 8-776-528-14-63 (тәулік бойы-шұғыл мәселелер бойынша) нөмірі арқылы алуға болады.