Алтынның әшекейлерде, электронды заттарда, медицинада кеңінен қолданылуы оның ерекше қасиетіне байланысты. Алтын ешқашан жоқ болып кетпейді.
Алтын 1064,18 С температурада ерітіледі, көгермейді, қараймайды, тот баспайды, бірнеше рет ерітіп, қайта қолдана беруге болады. Сондықтан, сіз күнделікті тағып жүрген сақина не сырғаңыз мүлдем басқа дәуірдегі адамның әшекейі болуы мүмкін.
Алтынмен жұмыс жасайтын немесе оны сақтайтын адамдарда алтынның кішкентай бөлшектері болады. Алтын сақталған жердегі матаны отқа жақса, күлден алтынның кішкентай бөлшектерін табуға болады.
Ақерке Аянқызы