Англия – Еуропа чемпионы

ашық дереккөз

Футболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында тұңғыш рет Англия құрамасы жеңімпаз атанды. Жарыс қожайындары финалда Германиядан басым түсті.

«Уэмбли» стадионында өткен финал­дық матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, қосымша экстра-таймда ағылшындардың мерейі үстем болды – 2:1. Алаң иелері сапынан Элла Тун мен Клои Келли мергендігімен көзге түссе, қонақтардан Лина Магулль бір голмен жауап қайтарды. Осылайша, Англия құрамасы Еуропа чемпионаттары тарихында алғаш рет қос құлақты кубокты басынан асыра көтерді. Олар бұған дейін екі рет финалға шығып, екеуінде де қарсыластарына жол берген болатын.

Ал Германия әйелдер құрамасы алғаш рет финалда жеңіліп отыр. Олар бұған дейін Кәрі құрлық чемпионатында сегіз рет бас жүлдені олжалаған еді.