Федоров ауданы Костряков ауылындағы ірі қарадан сібір жарасының ошағы анықталды. Өңірде карантин шарасы енгізілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі ElDala.kz-ке сілтеме жасап.
Бір жыл бұрын аты жаман ауру Қостанай облысының Денисов ауданына қарасты Приречное ауылында шыққан болатын. Ал қараша айында Жалтыркөл ауылындағы шаруа қожалығында сібір жарасы тіркелген.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің мәліметінше, мамыр айында өңірде 156 жерге ауру мал жерленген. Індетті таратушы – инфекция жұқтырған ірі қара. Оның еті жеуге жарамсыз. Тіпті оны жоғары температурада ұзақ қайнатса да қоздырғыш вирус жойылмайды. Сондықтан да, ауру малды инсенераторлық пеште өртеп, жерге көму керек дейді мамандар.