BANNER

2023 жылдан бастап қазақстандықтар аптасына 4 күн жұмыс істейді

ашық дереккөз

Алдағы жылдан бастап қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім негізінде 4 күндік жұмыс аптасына көшуге рұқсат етілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірнеше заңнамалық актіге өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Тараптардың келісімі негізінде еңбек шартында 5 немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі. Отбасының науқас мүшесіне, 3 жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың біріне, 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға тараптардың келісімі бойынша бірлесіп жұмысқа орналасуға жол беріледі», – деп жазылған құжатта.

Аталмыш кесте қызметкердің жыл сайын берілетін ақылы еңбек демалысының ұзақтығы мен еңбек өтілінің есебіне әсер етпейді.

«4, 5 және 6 күндік жұмыс аптасы кезінде қосымша жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына 12, жылына 120 сағаттан аспауы тиіс», – делінген құжатта.