Жасөспірім қыз теміржолдың тыйым салынған бөлігінен жүгіріп өтпек болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап. Мектеп оқушысы оқиға орнында қайтыс болды. Теміржол Полициясының мәліметінше, тепловоз 55 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан. 100 метр қалғанда пойыз жүргізушісі баланы көріп, белгі береді. Алайда қыз дыбыстық белгіге қарамастан рельске қарай жүгірген.
«Марқұмның денесі ішінің тұсынан екіге бөлініп қалған. Медициналық сараптамаға сәйкес жүргізушінің сау болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді Орал қаласының теміржол полициясы бөлімінен.