BANNER

АҚШ соты Әблязовке барлық кіріс көздері мен активтерін жариялауды міндеттеді

Ашық дереккөз

Америка соты Мұхтар Әблязовке тікелей және жанама түрде оған қатысты барлық кіріс көздері мен активтерін жария етуге міндеттеді. Егер ол бұл шартты 30 қыркүйекке дейін орындамаса, сотты құрметтемегені үшін күніне мың доллар айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Тиісті шешімді Нью-Йорк округтік соты 19 тамызда шығарған.

Санкциялар Әбілязов БТА банкі мен Алматы қаласы атынан талап қоюшыларға 140 мың доллар төлегенге дейін күшінде болады. Төлеу туралы шешім 2020 жылдың ақпан айында Әбілязовтың сот сұраған дәлелдемелерді беруден бас тартқаны үшін қайтарылған. Бірақ БТА банкінің бұрынғы басшысы бұл талапты орындамаған. Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы кеткен болатын. 

2017 жылы ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді және БТА банкінің қаражатын жымқырды деген айыппен Қазақстанда сырттай 20 жылға сотталған. Алаяқтық пен ақшаны жымқыру фактілері бойынша Ресей мен Украинада да қылмыстық істер қозғалған.