13 жылда Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар саны азайған. Мәселен, 2009 жылы 600 мың адам болса, 2021-де 540 786-ға тұрақтаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі.
2009 жылы өңір халқының 40% қалада тұрған. 2021 жылы урбанизация нәтижесінде 48% -ке жеткен. Ал ауыл халқының үлесі 60-тан 52%-ға төмендеген.
«Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғыдай әйелдердің саны ерлер санынан асып түсті. Санақ қорытындысы бойынша, әйелдер саны 18,9 мыңға көп. Пайызбен айтсақ, ерлердің үлесі 48,3 пайыз, әйелдер – 51,7 пайыз. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 100 әйелге 93 ер адамнан келеді», – делінген хабарламада.