BANNER

Қазақстанға жанама санкциялар салынбайды

Ашық дереккөз

Ресейге қарсы санкциялардың «салқыны» Қазақстанға әсер етпейді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

"Қазақстан жанама санкцияларға ілікпейді. Ресейге қарсы санкциялардың ел экономикасын теріс әсерін болдырмау, соның ішінде жанама санкцияларға жол бермеу бойынша үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Ол сәтті жұмыс істеп жатыр, еуропалық комиссиямен және АҚШ әкімшілігімен тұрақты консультациялар жүргізіліп тұрады", - деді Тілеуберді астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында.

Сондай-ақ министр Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ТМД мемлекет басшыларының кеңесін өткізу жоспарланған.

Министр сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға Азиядағы сенім және  ынтымақтастық шаралары кеңесіне қатысу үшін келетінін айтты. Сонымен қатар, ТМД мемлекет басшыларының кездесуін өткізу жоспарлануда.

"Ресей президенті қатысады деген жоспар бар. Қазан айының ортасында келуі керек. Ресми түрде растағанын күтіп отырмыз. Сондай-ақ мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізеді", - деді ол.