Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Ұлттық стандарттарына сәйкес автокөлік нөмірлеріне қосымша қорғаныш элементтері енгізілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Сауда және интеграция Министрлігінің мәліметінше, қосымша қорғаныщ элементтері жалған нөмірлерді жылдам анықтауға мүмкіндік береді.
Аталмыш стандартты ҚР ІІД-ға қарасты «Ақпараттық-өндірістік орталық» жасап шығарды.
Мемлекеттік нөмірлерде DMC-код орналастырылады. Аталмыш код арқылы полицейлер көлік жайлы толық мәліметті біле алады.
«Арнайы мемлекеттік нөмір бетінен қырып, сырып немесе белгілі бір химиялық құралдар арқылы кетіру мүмкін емес», – деді ведомство өкілі.
Бұдан бөлек Ұлттық Стандарттағы өзгерістен кейін мемлекеттік нөмір дайындау құны да қымбаттайды. Сондай-ақ, мемлекеттен қосымша қаражат бөлінеді.