Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде өтуде. Бүгінгі күні қажетті іс-шаралар 90% жоспар бойынша орташа есеппен 93,3%-ға орындалды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
2022 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде 2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша 7,3 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілгенін және тұтынудың оң теңгерімі байқалғанын атап өтті.
Облыстың электр станцияларының белгіленген электр қуаты – 2319 МВт, қолда бар электр қуаты – 1921 МВт.
Өңірді негізгі жылумен жабдықтау көздері 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және басқа жылумен жабдықтау объектілері болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2,4 мың Гкал/сағ, ал қолда бар қуаты 1,8 мың Гкал/сағ.
ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралардың орындалуы жоспарға сәйкес 90 % болған кезде, орташа есеппен 93,3 % орындалды.
Сондай-ақ, өңірде жаңартылатын энергия көздері технологиясын қолдану арқылы энергияны өндіру белсенді дамып келеді. Бүгінгі таңда жиынтық қуаты 218,7 МВт 7 ЖЭК объектісі жұмыс істеп тұр, соның ішінде қуаты 216 МВт болатын 4 күн электр станциясы және қуаты 2 МВт болатын 2 биоэлектр станциясы, қуаты 0,6 МВт болатын 1 гидроэлектр станциясы бар, деп түйіндеді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.