BANNER

Доллар қымбаттады

Ашық дереккөз

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,77 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477, 12 теңге.

Ұлттық банктің 19 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 12 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 480,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 476,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге.

Ресей рублі 7,45 - 7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.