BANNER

101 жастағы әже 4 келі бала босанды

ашық дереккөз

Жыл өткен сайын әлемде әйелдердің бала көтеру деңгейі төмендеп барады. Алайда медицинадағы жетістіктер мен жаңалықтар миға қонымсыз дүниелердің өзін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп жатыр. Жуырда әлемді 101 жастағы Италия елінің тұрғыны 4 келі баланы дүниеге алып келгені жайлы мәлімет дүр сілкіндірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі CureJoy басылымына сілтеме жасап.

Жасы келген кейуана жұмыртқа түтікшелерін алмастырған. Еуроодақ аталмыш отаға тыйым салған, сондықтан, егде тартқан әйел Түркиядағы клиникалардың біріне жүгінген. Алайда ота жасаған дәрігерлерге әріптестері сын айтты. Трансплантацияны Александро Пополиччи жасаған.

Бақытты ана –Анатолия Вертаделла 17-сәбиінің дүниеге келуін «құдіретке» балады. Оның айтуынша, ол 48 жасында Құдайдың қаһарына ұшыраған. Жаза ретінде жұмыртқа ісігіне шалдыққан. Араға жарты ғасыр салып бала туу қасиетіне ие болды.

Дәрігер Пополиччидің айтуынша, жас босанған әжені сынаудың, айыптаудың қажеті жоқ. Себебі, әлемде қаншама әйел баласын туып, тастап кетіп жатыр. Ал дүниеге келген нәрестенің үлкен отбасы болады. «Бұл – бақыт», –дейді дәрігер.

 Вертаделланың күйеуі 1998 жылы қайтыс болған. Ұрықтың доноры 26 жастағы католик. Вертаделла күйеуін өле-өлгенше сүйетінін және өмірінің соңына дейін адал болатынын айтты.

Бұған дейін жер шарындағы ең жасы үлкен ана Оңтүстік Африка Республикасының азаматшасы. Ол 92 жасында сәби сүйген.