Ресейде мобилизацияға қарсы жаппай митинг өтіп жатыр

ашық дереккөз

Ресей қалаларында мобилизациялауға қарсы акциялар өтіп жатыр. Ұсталғандар бар.

Сібір мен Қиыр Шығыста адамдар ұсталудан қорқып, ұрандар мен плакаттарсыз қалалардың орталық алаңдарына шыға бастаған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі "Сибирь.Реалии" баспасына сілтеме жасап хабарлайды.

Хабаровскіде мобилизацияға қарсы акцияға 12 адам шықты. Олар үнсіз, плакаттарсыз тұр. Олар мұндай жаңалықты күтпегендерін айтады. Пикетшілер қудалаудан қорқып, өз аттарын атаудан бас тартқан.

Якутскіде мобилизациялау туралы хабарланғаннан кейін, 21 қыркүйек күні кешке орталық алаңға бірнеше адам жиналды.

Иркутскіде шамамен 10 адам ұсталды, барлығы орталық алаңға 20-30 адамдай шықты. 30-дан астам адам Томскіде тіркелген. Астана уақытымен 20.00-дегі жағдай бойынша 10 қалада барлығы 60 адам ұсталған.

Бұған дейін Ресейдің "Весна" оппозициялық қозғалысы мен Алексей Навальныйдың жақтастары Ресей азаматтарын мобилизациялауға наразылық білдіруге шақырды, ал интернетте ішінара және толық мобилизациялауға қарсы өтініш пайда болды. Оған қазірдің өзінде 200 мыңнан астам адам қол қойған.

Мәскеу прокуратурасы митингілерге қатысқаны және ұйымдастырғаны немесе оларға шақырғаны үшін қала тұрғындарына әкімшілік жаза мен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты қылмыстық жаза қарастырылғанын ескертуде.