BANNER

Доллар бағамы өсті

Ашық дереккөз

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,43 теңгеге көтеріліп, 481,29 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 22 қыркүйектегі ресми бағамы - 477,73 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 481,72 теңге, сату – 486,05 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 480,36 теңгеден сатып алынып, 484,41 теңгеден сатылып жатыр.