BANNER

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Ашық дереккөз

24-26 қыркүйек аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі «Кагидромет» РМК сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс циклоны батыс облыстарға әсер етіп, одан кейін шығысқа, республиканың қалған бөлігіне ауысады.

25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады, жаңбыр қарға ұласады.

Оңтүстік-шығыста тек таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда ғана найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Ауа температурасы төмендейді:

  • батыста күндіз 22-33-тен 9-22-ге дейін жылы болады
  • солтүстік-батыста – 25-32-ден 10-23 градусқа дейін
  • солтүстікте - 23-30-дан 5-20 градусқа дейін
  • орталығында - 22-32-ден 20-28-ге дейін
  • Қызылорда облысында – 30-35-тен 17-25-ке дейін
  • оңтүстік-шығыста - 25-35 градус жылы.