Доллар бағамы төмендеді

Ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,74 теңгеге төмендеп, 1 доллар 479, 42 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 481, 29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 484 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу – 481

Ресей рублі 7,59- 7,79 теңге аралығында саудаланып жатыр.