BANNER

14 жасар қыз 12-қабаттан секіріп қайтыс болды

ашық дереккөз

Оқиға Тараз қаласында болған. Марқұм өлер алдында өзінің вконтакте парақшасында ашық түрде хат қалдырып кеткен. Ол әлеуметтік желідегі аталған жазбасында ата-анасынан, туыстарынан және сүйіктісінен кешірім сұрап, олардың көңілін қалдырғанын жазған, деп хабарлайды  LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Орда.кз-ке сілтеме жасап.

Оқушы білім алған Тараздағы №24 гимназияның оқушылары және олардың ата-аналары жасөспірімнің соңғы уақытта мектепте қиындыққа тап болғанын айтады. Оның сыртқы келбеті, яғни ұзын шашына байланысты бірнеше күн қатарынан сабақтан шығарып жіберген көрінеді. Сондай-ақ, ата-аналар гимназияға жақында ғана жаңадан тағайындалған мектеп басшысынының білім мекемесіндегі талапты күшейткенін де атап өтті. Десек те, бұл ақпаратты гимназия әкімшілігі жоққа шығарды.

«Оқушыны сырт келбеті үшін ешкім сөккен емес. Өйткені бала үнемі мектеп формасына сай киініп жүретін және оны ешкім сабақтан қуып жіберген жоқ. Сондай-ақ, бала мектепте еш қиналған жоқ, барлығы оқушының жеке басын сыйлап, жақсы қарады. Мектеп, мұғалімдер, әкімшілік тарапынан қудалау болған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, сондықтан ақпарат жабық күйінде қалды», – дейді №24 мектеп-гимназиясының әкімшілігі ORDA-ның Telegram арнасында.

Дәл қазір қайғылы оқиғаға қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.