BANNER

Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

Ашық дереккөз

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. Қсыған дейін болған сот отырысында прокурор оны 6 жылға соттауды сұраған болатын, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотында бүгін судья үкім оқыды. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленді. Қайрат Сатыбалды жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.

Еске сала кетейік, Назарбаевтың немере інісі "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деген айыппен 13 наурызда ұсталған болатын