Алматы қаласында Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан 40 жастағы ер азаматты ұрлап кеткен, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұрланған ер азаматтың жұбайы полицияға арызданған.
«Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді. Адам ұрлаған топтың жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғаны анықталды. Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған» – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Алайда оны қатты соққыға жыққан және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан.
Қылмыс қылмыстық кодекстің 125 бабы 2 бөлігімен “Адам ұрлау” фактісі бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейін тергеу басталды.