BANNER

Жирен шаштылар жайлы аңыз бен ақиқат

-

Неліктен біз жирен шаштылар (қызғылт, күрең деуге келіңкірейтін түс) жайлы әңгіме қозғап отырмыз. Себебі, арамызда жирен шашты адамдар көп емес. Бұндай шаш иелері жер шары бойынша шамамен 100 адамның екеуіне ғана тән екен. Айналаңызда жирен шашты танысыңыз бар ма?  Сонымен жирен шаштылар жайлы қызық мәліметтер ұсынамыз:
1. Көне гректер жирен шашты адамдар өлгеннен соң вампирге айналады дегенге сенген екен.
2. Орта ғасырлардағы ағылшындар арасында жирен шашты балалар анасының етеккірі келіп жүрген кезіндегі жыныстық қатынас әсерінен туған деген түсінік қалыптасқан.

3. Жетінші-сегізінші ғасырларда сиқырға қатысы бар жандарды аулаған тұста алдымен осы жирен шаштылар күдікке ілініп, артынша ұсталған екен.
4. Көне Римде жирен шашты құлдар басқа құлдарға қарағанда қымбатырақ сатылған.
5. Жирен шаштар бірінші сарғайып, содан кейін барып ағарады екен.
6. Паркинсон ауруымен ауыруға басқаларға қарағанда екі есе бейімдірек.
7. Жирен шашты әйелдер қызуқандылау болып келеді.
8. Жирен шаштылар арасында жүргізілген сұрау бойынша олардың 71 пайызы өздерін батылмын деп есептейтіні анықталды.
9. Он тоғызыншы ғасырда өмір сүріп, тұнбалар мен қайнатпалар жасаудың хас шебері атағына ие болған Джордж Чепмен күшті удың құрамында жирен шашты адамның майы болу керек деп есептеген.
10. Нерон, Елена Троянская, Клеопатра, Елизавета І ханшайым, Наполеон, Оливер Кромвель, Эмилия Дикинсон, Антонио Вивальди, Томас Джефферсон, Винсент Ван Гог, Марк Твен(ол тіпті өзі жайлы «Басқа адамдар маймылдан жаратылған шығар, ал, біздер жирен мысықтан тарағанбыз» деп әзілдейтін болған), Джеймс Джойс, Уинстон Черчилль, Галилео Галилей сынды жирен шашты адамдар тарихқа өз атын айшықтап жазып кеткен.

11. Адольф Гитлер  жирен шашты отбасыларға бала сүюге тиым салған екен.

12. Жирен шаштылардың көбі солақай.

13. Жирен шаштылар қай елде көп? Шотландияда тұрғынлардың 13 пайызы, Италияда 10 пайызы жирен шашты екен. Ал, АҚШта жирен шаштылардың саны 18 млнға жуық деседі. Бұл шашамен АҚШ халқының 6 пайызына тең.

14. Ежелгі мысырлықтар жирен шашты адамдарды Осирис құдайға құрбандық ретінде тірілей жерге көмген

15. Әлемдегі сериал сүйгіш жандардың ыстық ықыласына бөленген «Тақтар ойыны» сериалында да осы жирен шаштыларға мән беретінін байқауға болады.