Осыдан екі жыл бұрын пандемия енді басталып жатқанда "Коронавирус" деген сөздің өзінен шошитынбыз. Қазір туыстарымыз бен таныстарымыздың араға күн салып о дүниеге аттанғаны да ұмытыла бастағандай. Құдай бетін аулақ қылсын әрине.
Дегенмен, бұл коронавирусыңыз да итжанды вирус екен. Бір түрден екінші түрге айналудың һас шебері ме дерсіз. "Омикрон" болып, басқасы болып арамызға жиі соғатыны бар. Төрткүл дүние көз тіккен дәл осындай қауіпті эпидемия бұрын-соңды болды ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
- 1331-1353 жылдар аралығында Солтүстік Америка, Африка, Европа және Азия елдерінде «Қара өлім» атымен таралған оба ауруынан шамамен 75-200 млн адам көз жұмған.
- 1918-1920 жылдар аралығында А вирусты тұмауының асқынған түрі қатты белең алған. Таралу картасы әлемнің барлық бұрышында түркелген. «Испанка» деп аталған бұл эпидемиядан 30 млн мұғдарындағы адам баласы қырылған. «Испанка» аталу себеб – ауру ошағы Испаниядан шыққан деседі.
- 1960 жылдан қазіргі күнге дейін ЖИТС жұқтырған адам саны жер шарында 30 млннан асып жығылады деседі.
- 541-542 жылдар аралығы. Яғни, екі ғасыр бойы жер шарының әр нүктесінде тіркелген Юстиниан обасы. Бұл сол замандағы өркениетті елдердің барлығында қағаз бетіне жазылып, тарихқа қашалып жазылған ең бірінші эпидемия. О бастағы бастау Эфиопия мен Мысырдан шыққан бұл оба сауда жолдары арқылы сол кездегі Константинополге жетіп, одан әрмен қарай тарай берген. Қаза болған адам саны 25-50 млн.
- 5-15 млн аралығындағы адамды жалмаған тағы бір эпидемия 1545-1548 жылдар аралығында Мексикада тіркелген. Коколицтли эмидемиясы деп аталатын бұл ауруды таратушы Salmonella enterica вирусы. Тап осы вирус Мексикада 1576-1580 жылдар аралығында қайталанған. Бұл жолы көз жұмушылар саны 2-2,5 млн адам шамасында деп көрсетілген.
- 1957-1958 жылдары жер шарының барлық нүктесінде тіркелген «Азия тұмауы» 2 млн адамның өмірін жалмаған. Ауру таратушы вирус А тұмауы.
- 1852-1860 жылдары Ресей аумағында холлера вирусынан таралған «холлераның үшінші індетін» де айта кетуіміз керек. Ауру жұқтырып, көз жұмған адам саны 1 млнның ар жақ, бер жағында.
- 1889-1890 жылдар аралығында бастауын Ресейден алып, бүкіл әлемге таралған Орыс тұмауы да 1 млн адамды о дүниеге аттандырған.
- 1968-1969 жылдар аралығында А тұмауынан бастау алып, Гонконг тұмауы атауымен бар әлемге танылған эпидемиядан 1 млн адам көз жұмған.
- 1899-1923жылдар аралығында Африка, Азия және Европаның біраз елдерінде білінген «Холлераның алтыншы індетінен» 800 мыңдай адам көз жұмған.
Бұл эпидемиялардың қатарына қазақстандықтарға етене таныс «шошқа тұмауын» да қосуға болады. 2009 жылы осы вирустың кесірінен 500 мыңға жуық адам көз жұмған екен.
Қарағандылықтар үшін Шет ауданы, Тұмсық ауылында вирус белгісі шығуымен есте қалған тауық тұмауын қалай ұмытармыз? 2003 жылы әлемде бұл тұмаудан 227 адам көз жұмыпты. Сонау Африкадан шықса да түпкі ауылдардағы қазақтардың өзін шошытқан Эбола вирусының кесірінен 2013-2016 жылдар аралығында 11 300 адам қайтыс болыпты.