BANNER

Алты миллиардтық айыппұл

-

«АРСЕЛОР МИТТАЛ ТЕМІРТАУ» компаниясына 5,8 миллирад теңге айыппұл салынды.

Бұл айыппұл тек қана экологиялық талаптарды орындамағаны үшін ғана салынып, жиырмадан аса ескерту алды.  Бұл туралы Экология Министрі - Серікқали Бірекешов Қарағанды облысындағы іс –сапарында мәлім етті.

Министрдің айтуынша Қарағанды облысының аспанына зиянды қалдықтар таратудан алдына жан салмайтын екі алпауыт компания бар. Олар -  "АМТ" және "Қазақмыс".  Алдағы бес жылда зиянды қалдық бөлу пайызын төмендету  жоспарда тұр. 2025 жылы "АМТ" бұл көрсеткішті 60 % төмендетсе, "Қазақмыс" 44% төмендетуге міндетті.

Оқырманға түсінікті болу үшін қарапайым түсініктеме жаза кетейік. АМТ ауаға бөлетін зиянды қалдығы бүгінгі таңда 370 мың тонна деп көрсетілсе, Қазақмыстың көрсеткіші 56 мың тоннадан асады.