Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров «агрессивті соғыс қимылдарын жүргізгені» үшін айыпталып отыр.
Украинаның Қауіпсіздік Қызметі (УҚҚ) Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыровты Украинаның барлау қызметінің мәліметтер базасынан іздестірді. Қадыровқа екі бап бойынша айып тағылуда, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап.
Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров «агрессивті соғыс қимылдарын жүргізгені» үшін айыпталып отыр. Бұл бап бойынша Украина Қылмыстық кодексіне сәйкес 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
10 қазанда Украина Қауіпсіздік Кеңесінің Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевті іздестіргені белгілі болды. Ол Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғушылық жасады деп айыпталуда. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары «сотқа дейінгі тергеу органдарынан жасырынған» адамдар санатына жатқызылды.