Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Ашық дереккөз

Бұл шешім кеше Армения астанасы Ереванда қабылданды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Әр жылдары еліміздің премьер-министрі, Астана мен Алматы әкімі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып істеген Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы болып тағайындалады. Ол қызметін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастайды.

ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы әр 3 жыл сайын ауысып отыратыны айта кетейік. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл қызметті генерал-лейтенант Станислав Зась атқарды.