Бұл туралы премьер-министр орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Халықаралық тәжірибе негізінде заңда 3 түрлі рәсім көзделген.
Бірінші рәсім - соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз бойынша қолдануға болады.
Екінші рәсім - сот банкроттығы.
Бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді.
Үшінші рәсім - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі көзделеді. Оның артықшылығы - азамат «банкрот» деп саналмайды.