4 жасар балақайды көлік жүргізушісі полицияға әкеліп, анасына табыстады.
Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылынан қалаға жету үшін жол бойынан көлік тоқтатқан азаматша діттеген жеріне жеткеннен кейін заттарын алып көліктен түсіп қалған. Бұл уақытта бүлдіршін темір тұлпар ішінде ұйықтап жатқан, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.
Түнгі сағат 21:00 шамасында болған оқиғадан кейін әйел бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан. 4 жасар балақайды көлік жүргізушісі полицияға әкеліп, анасына табыстады.
"Абырой болғанда, бала дін-аман. Өз анасына тапсырылды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.