BANNER

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында Қырғызстанның жаңа туы көтерілді

Ашық дереккөз

Бішкектің бас алаңында салтанатты жағдайда бұған дейін Жогорку Кенеш қабылдаған елдің жаңартылған мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Мемлекеттік хатшы Суйунбек Қасмамбетов және басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Еске сала кетсек, 2023 жылғы 20 желтоқсанда Қырғызстан парламентінің депутаттары «Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын екінші және үшінші оқылымда талқылаусыз қабылдаған болатын. 22 желтоқсанда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мемлекеттік туды өзгерту туралы заңға қол қойды. Ол 26 желтоқсанда күшіне енді.

2024 жылдың 1 қаңтарында таңертең елдің жаңа, дизайны басқа мемлекеттік туы көтерілді. Бұл әлеуметтік желі қолданушылары арасында белсенді талқыланды.