BANNER

Елімізде Алатау қаласы пайда болды

Ашық дереккөз

Президент қаулысымен Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысында өзгерістер орын алып, Алатау қаласы құрылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2.Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.

3.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

 

Президенті                Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 9 қаңтар

 

№ 432