BANNER

Ел тірегі - Ұлттық ұлан

Ашық дереккөзі

1992 жылы тәуелсіздік алған соң, егемен елдің өз әскері құрылды.

Содан бері 32 жылдың ішінде құқықтық тәртіп әскері Ұлттық ұлан мемлекеттің ішкі тыныштығын қорғап, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қорғап келеді.

1992 жылдың 10-қаңтарында біздер Ұлттық ұланның құрылған күнің тойлаймыз. Кешегі ішкі әскер бүгінгі Ұлттық ұлан елдің берік қорғаны болу жолындағы даңқты дәстүрін жалғастыруда.

Өткен жылдарға қысқаша тоқталатын болсақ:

1994 жылы Ішкі әскерде ірі құрылымдық қайта құру жүргізілді. Бригадалық жүйе құрылды.

1995 жылы 7 сәуірде Пшихавр шатқалында Шымкент құрама ротасының сарбаздары ТМД-ның сыртқы шекарасын күзету кезінде қарсы жақтағы басбұзарларға қарсылық көрсетіп нағыз ерліктің түрін көрсетті. Осы ұрыста 17 жауынгерімізден айырылды.

1996 жылы Ішкі әскердің Туы мен Белгісі тапсырылып, барлық құрамалар мен бқлімдерге Жауынгерлік Ту табыс етілді.

1997 жылы Ішкі әскердің жоғары әскери училищесі Петропавл қаласында ашылып, ел Президенті Жауынгерлік туды тапсырды.

2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері ҚР Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.

2023 жыл біздің халық үшін ерекше маңызды жыл болды. 2023 жылы Ұлттық ұлан елді мекендердегі қоғамдық тәртіпті күзетуді күшейтуге, Ақтөбе, Теміртау, Орал қалаларында сондай-ақ Қарағанды облысының Абай аудандарында су тасқыны жағдайын жою кезінде апаттық-құтқару жұмыстарына, Абай облысы Семей қаласының Озерск ауылдық округіндегі орман өрттерін жоюға, Қарағанды облысы бойынша 31 ҚТМД мекемесінен жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жатқан сотталғанның қашып кетуіне жол бермеуге, Жетісу облысының Ескелді ауданының Ешкіөлмес елді мекенінде су тасқыны салдарын жоюға қатысып өз  үлестерін қосты. 

Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне аяқ басты. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған ауқымды қайта құрулар түбегейлі өзгерістердің бастауы болды. Мемлекеттік өмірдің барлық жақтары жан-жақты жаңғырды. Осы өзгерістер арқасында халықтың жарқын болашаққа сенімі артуда.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері барша қазақстандықтар сияқты Президентіміздің жаңа бастамаларын қолдады. Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі бола отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы тәуелсіздік алғалы 32 жыл бойы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқарып келеді. Мемлекет басшысымен құқық қорғау әскерлерінің әлеуеті жоғары екенің атап айтты. Отанға деген жанқиярлық, қырағылық,  мызғымастық, қайсарлық, батылдыұ пен идологиялық табандылық – құқық қорғау әскерлерінің сарбаздарына тән қасиет, ал кәсібилік қызметтік-жауынгерлік тапсырмалар мен арнайы тапсырмаларды табысты орындау кілті болып табылады.

2023 жылдың 20 мен 24 маусым аралығында «Орталық» өңірлік қолбасшылығы базасы негізінде Ұлттық ұланның барлық өңірліктерінің қолбасшыларымен, құрама мен әскери бөлімдерінің командирлерімен және олардың орынбасарларымен сондай-ақ Ұлттық ұлан Академиясының басшысымен жедел даярлық ұйымдастырылып өткізілді. Қоғамдық тәртіпті күзету кезеңінде 707 патрульдік-посттық қызметтің міндеттері табысты орындалды. 109 қоғамдық-саяси және жаппай-мәдени бұқаралық іс-шараларға қатысып, міндеттерді орындадық.

5516 әскери бөлімі Ұлттық ұланның дамуына өз үлесін қосуда. Теміртау қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімі орналасқан, оның негізгі міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау және қала көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.

Бөлімнің әскери қызметшілері өздерінің әскери борышын абыроймен және абыроймен орындайды және оларға жүктелген міндеттер бейбіт, жасампаз өмірді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады, елдегі конституциялық тәртіпті сенімді күзетеді.

2023 жылы 5516 әскери бөлімі Ұлттық ұланның жетекші әскери бөлімдерінің бірі болып табылды. Бөлімде қылмысқа, құқық бұзушылыққа және де әскери тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Бөлім алдына қойылған бардық міндеттер толық көлемде орындалуда. Сондай-ақ айтарым Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Отанға аянбай қызмет етуде аға буын ұрпақтың әскери дәстүрлерін нығайта беретін сеніммен айта аламын.

        Ұлттық ұланның барлық жеке құрамы бірінші орынға жауынгерлік дайындық пен батылдықты, ержүректікілікті, моральдық, ұлттық Рухты, Намыс пен Жігерді қояды. Қазақстан халқының алдында Әскери ант пен міндетке деген адалдықты көрсетеді.

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланды «Нағыз ерлік пен патриотизм мектебі» деп атап,  жоғары баға берді. Ішкі шебімізді қайтпас қайсарлықпен күзететін күштердің бірі – біз яғни құқықтық тәртіп әскері. Ұлттық ұланға Ел сенеді, Президент сенеді, біздің күшіміз бірлікте, ісіміз тірлікте, Отанға қызметте!

       

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

5516 әскери бөлімінің командирі

подполковник Д.Усербаев