BANNER

Канвон Олимпиадасында Полина Омельчук қола медаль иегері атанды

Ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі .
Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта сынға түскен спортшыларымыз арасынан Полина Омельчук мәре сызығын үшінші болып кесіп өтіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Ол 1000 метр қашықты 1:41,600 уақыт көрсеткішімен бағындырды.
Аталған сында бірінші және екінші орындарды қытайлық спортшылар Цзинцзы Ли мен Цзиньчжу Ян жеңіп алды.