Қарағандылық тәртіп сақшылары жол жүру ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушіні жауапкершілікке тартты.
Полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында желі қолданушылардың бірінің Қарағанды қаласындағы Н.Назарбаев даңғылында жолдың тайғақтығына қарамастан жылдамдықты асырып, жол жүру ережесін өрескел бұзған Toyota автокөлігі жүргізушісінің бейнежазбасы анықталды.
Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жұмыстар барысында көліктің 32 жастағы жүргізушісі анықталды. Жүргізушіге апаттық жағдай туғызған жол жүру ережесін бұзу және маневрлеу ережесін бұзу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушылыққа байланысты жүргізушіге 55 мың 380 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.