BANNER

Жыл басынан бері КВИ-дің 36 жағдайы тіркелді

Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Аймақта маусымдық респираторлық инфекциялар, тұмау және коронавирустық инфекциялар өсуде. Жыл басынан бері КВИ-нің 36 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен.

– Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 14,7 есеге төмендеуі байқалады. Бірақ ақпан айының 14 күнінде КВИ-нің 17 жағдайы тіркелді. Белгілі бір өсу жүріп жатыр. Басқа облыстарда коронавирустық инфекцияның шамалы өсуі байқалады, – деді Юрий Залыгин.

ЖРВИ ауруы екі есе өсті. 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 14 ақпанға дейін облыста жіті респираторлық инфекцияларды жұқтырудың 72 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Науқастардың негізгі үлесі-14 жасқа дейінгі балалар. Осы кезеңде өңірде тұмау ауруының 80 жағдайы анықталды. Олар Приозерск қаласын қоспағанда, облыстың барлық аумағында тіркелген.

Өңірдегі және қызылша бойынша жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері 562 зертханалық расталған жағдай тіркелді. Облыстық көрсеткіштерден асып кеткен негізгі сырқаттанушылық Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, сондай-ақ Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында байқалады. Науқастардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл ретте науқастардың 88 пайызы екпе алмаған. Бұл аурудың таралуын болдырмау үшін аймақта қосымша иммундау ұйымдастырылды. 58 522 адам егілді, оның ішінде 6 айдан 11 айға дейінгі 4619 бала және 2 жастан 4 жасқа дейінгі 35 203 бала.

– Барлық аталған вирустық инфекциялардың алдын алудың тиімді шарасы – адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию, – деп атап өтті Юрий Залыгин. – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 8 ақпандағы қаулысына сәйкес, адамдар көп жиналатын орындарда: әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, базарларда, СОО-да және т. б., театрлар мен кинотеатрларда, ХҚКО-лар мен банктерде медициналық немесе мата маскаларын қолдану ұсынылады. Маска кию көліктің барлық түрлерінде де маңызды. Бұл ретте персонал мен келушілердің медициналық ұйымдарда маскаларды пайдалануы, антисептиктердің болуы міндетті.