BANNER

КӨПІРЛЕР МЕН ҚҰБЫРЛАР ҚАРДАН ТАЗАРТЫЛУДА

ҚазАвтоЖол

Қарағанды облысының жолдарында қар аршу, көктемгі су тасу уақытына дайындық жұмыстары қарқын алды. «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ мамандары жалпы ұзындығы 1444 шақырым болатын республикалық маңыздағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз», «Қызылорда-Павлодар», «Астана-Қабанбай-Нұра-Теміртау», «Солтүстік Шығыс айналма», «Қарағанды-Балқаш» автожолдарын, олардың бойындағы құбырлар мен көпірлердің қарын тазартуда. Әсіресе Байқадам, Бірсуат сынды су алу қаупі басым елді мекендер маңында жұмыс күшейтілген.  Бүгінгі таңда күрежолдардың бойындағы 1096 суағардың 101-ің қары аршылған. Сондай-ақ, өңірде күн райы жылып, күндіз еріген қар суынан кешкілік көктайғақ пайда болуда. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жолдарға тұз, топырақ себу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Соңғы екі тәуліктің өзінде 100 тоннадан астам реагент себілген. Көлік қозғалысын қамтамассыз ету мақсатында 70-ке жуық техника мен 164 жұмысшы қызмет көрсетуде. Облыста ауа-райы тұрақты, жолдар ашық.

1

1