4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі stan.kz сілтеме жасап.
Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек)
“Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 километр жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV, магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша) Алматы 5 балл”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды.
“Бірінші тербеліс аяқталған соң ғимараттан шығып, халықты қабылдау пунктіне барыңыз. Тек ресми дереккөзге сеніңіз. Сирена естілген соң құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат ұсынылады”, – деді Атығаев.