BANNER

RoboLand 2024 жарысының іріктеу кезеңдері аяқталды

www.roboland.kz

       Жыл сайын RoboLand фестиваліне қызығушылық артып келеді. Биыл Қарағанды облысының аудандары мен қалаларынан басқа 22 іріктеу жарысы Астана, Ақтау, Қостанай, Орал, Петропавл, Өскемен, Ұлытау және Жамбыл облыстарында өтті. Олардың ұйымдастырушылары мемлекеттік құрылымдар мен жеке клубтар болды. Бұл жарысқа 1214 командадан 2 мыңнан астам оқушы қатысты. Финалға 164 команда жіберілді.

"RoboLand 2023" IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі Қарағандыда 29-30 наурызда "Жастар" спорт кешенінде өтеді ("Шахтер" стадионы, Казахстанская көшесі, 1/4).

Roboland фестивалінің ұйымдастырушысы Kazdidac қауымдастығының, демеушілер мен серіктестердің қолдауымен Қарағанды облысының білім басқармасы болып табылады. Оның басты мақсаты-балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ілгерілету; инновациялық қызметті танымал ету; білім беру робототехникасы саласында озық тәжірибемен алмасу; мықты робототехникалық командаларды анықтау.