BANNER

Теміртаудағы трамвай желісі қалыпқа келтіріледі

Pixaboy

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Теміртау қаласындағы қоғамдық көліктердің жағдайына тоқталды. 


«Теміртауда қоғамдық көліктер үлкен мәселе туғызуда. Біз мұны мойындауымыз керек. Жергілікті билік пен Qarmet-тің жаңа иесі тарапынан толық қолдау бар. Бірінші қадам - ​​трамвай қызметін қалпына келтіру. Екіншіден, біз қоғамдық көлікті жаңартып жатырмыз және “ONAY”ды енгізу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл балалардың тегін жүруін енгізуге мүмкіндік береді», - деді Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.