Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Теміртау қаласындағы қоғамдық көліктердің жағдайына тоқталды.
«Теміртауда қоғамдық көліктер үлкен мәселе туғызуда. Біз мұны мойындауымыз керек. Жергілікті билік пен Qarmet-тің жаңа иесі тарапынан толық қолдау бар. Бірінші қадам - трамвай қызметін қалпына келтіру. Екіншіден, біз қоғамдық көлікті жаңартып жатырмыз және “ONAY”ды енгізу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл балалардың тегін жүруін енгізуге мүмкіндік береді», - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.