Қарағандылық спортшылар кадеттер арасында дзюдодан Еуропа кубогынан төрт марапат және жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогында бірнеше медаль ұтып алды. "Жас сұңқар" БЖСМ, Теміртау қ. БЖСМ және Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв колледжінің облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері ерекше көзге түсті.
Португалияның Анадия қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогына 17 елден 300-ден астам спортшы жиналды. Ұлттық құрамаға 11 қарағандылық кірді.
Дінасыл Тәттімбек (100 кг) күміс медаль жеңіп алды.
Алдияр Қарғұлов (60 кг),
Глеб Азаров (81 кг)
және Асқар Біржанов (90 кг) қола жүлдегер атанды.
– Халықаралық турнирлерге спортшылар Түркістанда өткен ҚР чемпионатынан кейін іріктелді. Португалиядағы қарсыластар мықты болды, әсіресе жарыс иелері. Біздің спортшылардың өнерінің нәтижесіне ризамын. Барлығы тырысты. Енді әлем чемпионаты мен Азия Кубогына іріктеу болады. Барлық спортшылар әлеуетті, жақсы көрсеткіштерге ие, – дейді "Жас сұңқар" БЖСМ басшысы Алмас Мұхтаров.
Сонымен қатар, Шаморин қаласында (Словакия) кадеттер арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Жарысқа 21 ел қатысты. Қарағанды облысынан бес спортшы өнер көрсетті.
Санжар Ерұланұлы (90 кг), Алина Ямашева (48 кг)
және Злата Швайгерт (40 кг) күміс жүлдеге ие болды.
Айзат Наукенова (44 кг) – қола алды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық екінші орынға ие болды.